Клотримазол (суппозитории вагинальные, 100 мг, ФАРМАПРИМ ООО) (Clotrimazole)

МНН: Клотримазол
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009749
Информация о регистрации в РК: 12.12.2011 - 12.12.2016
Номер регистрации в РБ: 6394/03/08/13/19
Информация о регистрации в РБ: 31.05.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 24.04 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Клотримазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клотримазол

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат- 100 мг клотримазол,

қосымша заттар: жартылай синтетикалық cуппоцир глицеридтері – салмағы 2 г суппозиторий алу үшін жеткілікті мөлшері.

Сипаттамасы

Цилиндрконус пішінді ақ түсті немесе сарғыш реңді ақ суппозиторийлер. Қимасында ауалы және кеуекті стержень мен шұңғыма тәрізді ойық болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Имидазолдың туындылары.

АТЖ коды G01AF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Клотримазол азғантай дәрежеде шырышты қабықтардан сіңіріледі және мүлдем жүйелік әсер етпейді. Қынап ішіне енгізгенде енгізілген дозасының 3-10% сіңіріледі. Қынап сөлінісіндегі жоғарғы концентрациялары және қандағы төмен концентрациялары 48-72 сағат бойы сақталады. Бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін тез биоөзгеріске түседі және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Клотримазол – кең ауқымды әсер ететін зеңге қарсы дәрі, имидазолдың туындысы. Зеңге қарсы, бактерияға қарсы және трихомонацидтік әсер етеді.

Әсер ету механизмі саңырауқұлақ жасушалық жарғақшасының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерол синтезінің бұзылуымен, саңырауқұлақ жарғақшасы өткізгіштігінің бұзылуымен және жасуша лизисімен байланысты.

Патогендік дерматофиттерге (Epidermophyton floccosum,Microsporum canis, Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Rhodotorula, Pityrosporum orbiculare текті зеңді және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға қатысты белсенді ( Candida spp., Torulopsis glabrata.

Қолданылуы

- дерматофиттерден, зеңді және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардан және/немесе Trichomonas vaginalis-тен туындаған генитальді жұқпаларда

- клотримазолға сезімтал микроорганизмдерден туындаған қынаптық бактериялық супержұқпаларда

- босанулар алдында босану жолдарына санация жасауда

- хирургиялық манипуляцияларға дейін және кейін гинекологиялық жұқпалардың алдын алуда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Қынап ішіне. Бір суппозиторийден ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет 6 күн бойы. Қажет болған жағдайда емдеу курсын дәрігердің кеңесінен кейін қайталайды. Босану жолдары санациясы үшін бір рет бір суппозиторий қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- гиперемия және шырышты қабықтың ісінуі

- қынап бөліністері

- қышу, күйдіру

- жиі несеп шығару

- интеркуррентті цистит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клотримазолға асқын сезімталдықта

- жүктіліктің I триместрінде, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда Клотримазол В амфотерицинінің және басқа полиендік антибиотиктердің тиімділігін төмендетеді. Клотримазолдың белсенділігі нистатинмен бір мезгілде қолданғанда төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Реинфекцияны болдырмау үшін жыныстық жұптарды бір мезгілде емдеу қажет.

Трихомониазда жүйелік химиотерапиялық дәрілермен үйлестіріп қабылдау ұсынылады (метронидазол ішке).

Айқын жергілікті реакциялардың (тітіркенулер) немесе асқын сезімталдықтың пайда болуы емдеуді тоқтатуды қажет етеді.

4 апта ішінде клиникалық жақсарулар болмаған жағдайда, диагнозын анықтау үшін микробиологиялық зерттеу жүргізу қажет.

Препаратты етеккір кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Бір мезгілде сыртқы гениталийлер жұқпалары болған жағдайда (жыныстық еріндер, вульва) суппозиторийлерді қынап ішіне қолдануды крем түріндегі клотримазолды жергілікті сыртқа қолданумен ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда бауырдың функциональді жағдайын ұдайы тексеріп тұру керек.

Балалар

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Лактация кезеңі

Емдеу кезінде бала емізуді тоқтатады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Препаратты сіңірілуі төмен болғандықтан, қынапішілік қолдануда артық дозалану ықтималдығы аз.

Препаратты ұсынылған дозалануынан асатын дозаларда жергілікті қолдану өмірге қауіпті реакцияларды тудырмайды.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

6 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15° С-ден 25° С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова

MD-2028, Кишинэу қ-сы, Г. Тудор к-сі, 3

Тіркеу куәлігінің иесі

ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фирма өкілі: Абулхаирова Татьяна

 Алматы қ-сы, Айнабұлақ-1 ы/а, 20 үй, 67пәтер

Телефон/факс: 252-64-13, 8-777-242-46-49

Email: tissa@indox.ru

 

Прикрепленные файлы

033671501477977176_ru.doc 49 кб
659592251477978339_kz.doc 58 кб
6394_03_08_13_19_p.pdf 0.23 кб
6394_03_08_13_19_s.pdf 0.23 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ